«Кибербуллинг туралы әңгімелесейік»

«Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 13-қазан күні 6-10 сынып оқушылары арасында «Кибербуллинг туралы әңгімелесейік» атты тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу, оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.

Оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар беріліп «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың көзқарастарын біліп,ойға шақырылды. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды. Буллингпен қоса жүретін Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тілтигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылды.

Возможно, это изображение 26 человек и текст

Қосымша ақпарат көздері