16 қазан 2023 жылы Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің медбикесі Тулепова Н.Э 5-8 сыныптың оқушыларымен «Тамақтану рационы» туралы әңгіме жүргізді.
Салауатты өмір салты әуелі дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақты талғап, құнарлы етіп ішіңіз»,- деген кеңесті жиі естиміз. Сонда дені сау адамның тамақтану рационы қандай болуы тиіс?
Тәулігіне үш мезгіл тамақтанған дұрыс.
Таңғы асты ұйқыдан тұрғаннан кейін бір сағаттан кейін ішкен жөн. Таңғы астың құрамы денсаулыққа пайдалы жануар және өсімдік майына бай әрі жасұнық (өсімдік жасушаларының ұлпа қабығы құралатын зат) өнімдері болғаны абзал.
Түскі аста ақуызға басымдық беру керек. Көмірсутекке бай өнім ретінде қарақұмық немесе күріш дәнектерін қосуға болады. Ақуыз ретінде ет өніміне көкеніс өнімдерін қосып тұтынған жөн.
Мүмкіндігінше таңғы ас пен түскі асты құнарлы етіп ішуге тырысқан абзал.
Таза суды күніне 1 литрден кем ішпеу керек, орташа есеппен 1 кг салмаққа 30 мл су деп есептеуге болады. Егер сіздің салмағыңыз 50 кг болса, 2 литр су ішуіңіз керек.