Ардақты ардагерлер: ақсақалдар, аналар!
Сіздерді Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 78 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз.
Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Сіздерге ұрпақтарыңыз атынан шексіз алғыс білдіреміз. Бәріңізге бақыт пен қуаныш, денсаулық тілейміз!