Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің «Жас жол инспекторлар» тобы жолда жүру ережелері бойынша насихаттау жүргізді.
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Балалық жол-көлік жарақаттары ең ауыр, бірақ олармен балаларды қорқытуға болмайды. Үлкендердің мақсаты-көшедегі тәртіп ережелерін баласына үйрету және олар үшін өнеге болу.
Есте сақтаңыз:
Кішкентай жүргіншілер жақсы мен жаманды үлкендерден үйренеді. Сондықтан әрқашан және барлық жерде қызу қозғалыстағы қала көшелерінде, тар ауыл аралық жолда «Жол қозғалыс ережелерін» сақтаңыз.
Білгеніміз жөн!
Балалардың жол үстінде қайғылы оқиғаларға ұшырауының негізгі себебі-жол қозғалысының қарапайым ережелерін сақтамау болып табылады. Өз қауіпсіздігің үшін мына ережелерді мықтап есте сақта!
Жүріп бара жатқан автобус не маршруттық таксиде барлық кезде тұтқадан ұстап тұр.
Ролик, велосипед және скейтборд тепкенде мұқият және абай бол.
Жолдың арғы бетіне тек бағдаршам тұрған немесе жаяу жүргінші өтетін жерден өт.
Тек қана бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана жолдан өт.
Жүріп бара жатқан көлік алдынан кесіп өтпе.
Жолдың көлік жүретін бөлігінде ойнама.
Егер жаяу жүргінші жүретін жол жоқ болса, онда көлік қозғалысына қарама- қарсы жолдың оң жағымен жүр.