«Қайырбек Оразов аындағы Аралағаш орта мектебі»КММ-де 11- сынып оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектесу мақсатында «Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында тренинг жүргізілді.Тренинг барысында: «Сәлемдесу», «Кім жылдам» сергіту жаттығуы, «Хабарлас» әдісі мен «Крокодил» ойыны жүргізілді. Оқушылардың барлығы жоғары белсенділікпен қатысып, соңында өздері алған әсерлермен бөлісті.