Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің жанындағы интернатта балаларды бас тәрбиеші Кыдырбекова М.Х Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір баянымен таңыстырды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл
Бүгін, 12 қаңтарда Қазақстанның белгілі саяси қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толып отыр.
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.Ол тарихқа ірі мемлекет қайраткері, Қазақ КСР КП ОК бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Ғылым академиясының президенті ретінде енді. 1936 жылы Мәскеу түсті металдар және алтын институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. «Прибалхашстрой» тресінде жұмыс істей бастады. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды басқарды, оның ішінде Алтай, Риддер, Лениногор кеніштерінде басшылық қызметтерді атқарды. 1952-1955 жылдары Қазақстан Ғылым академиясын басқарды. Оның басшылығымен өнеркәсіпті де, ауыл шаруашылығын да дамыту, Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізілді. Қонаевтың өзі 200-ге жуық ғылыми еңбектер жариялады.