Мектеп мұражайы

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі «Атамекен» тарихи-өлкетану этнографиялық мұражайы 1988 жылы қараша айында құрылды. Мұражай аға ұстаз, география пәнінің мұғалімі, зейнеткер Бейсенова Мәриям Зекенқызының жетекшілігмен ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта мұражай мектебіміздің екінші қабатында орналасқан. Материалдарды оқушылар өз қолдарымен жинап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, үйден-үйге жүріп көне заттар жинады. Әсіресе ауыл тұрғындары халықтың салт-дәстүрін, тұрмысын, киіз үй, үй жиһаздарын, тұрмыс заттарын, ұлттық киімдерін жинақтап, мұражайға тапсырды. Әрине, мұражай заттары мен құжаттары бір күнде болған жұмыс емес. Ұзақ жылдар аға буын ұстаздардың басшылығымен, оқушылардың ізденуінің нәтижесі.

Қосымша ақпарат көздері