«Qarzhyskill»

2026 жылғы 4 ақпан күні Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде «Qarzhyskill» қаржылық қауіпсіздік чемпионаты аясында 5–7 сынып оқушылары арасында командалық эстафета ұйымдастырылды. Іс-шараны дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Мұратбеков Медет Оралбекұлы өткізді.

Чемпионаттың негізгі мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз қаржылық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және командалық жұмыс арқылы жауапкершілік пен белсенділікті дамыту. Эстафета барысында оқушылар қызығушылықпен қатысып, өз білімдері мен ептіліктерін көрсетті.

Қосымша ақпарат көздері