Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі КММ кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 12 қараша күні 8-9 сынып оқушылары арасында «КәсібиGO ойна да таңда» атты кәсіптік бағдар беру үстел ойыны ұйымдастырылды.
Мақсаты: жасөспірімдерге өзін-өзі тануына, тұлға типтерін анықтауына, дағдыларын дамытуға және мамандық таңдауға бағыт беру. Сонымен қатар бұл үстел ойынының негізгі мақсаты оқушылардың өз пікірлерін еркін жеткізіп, дәйектеме келтіре алуына көмектесу.

