Мектепішілік олимпиада

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде 7 қараша 2025 жылы мектепішілік олимпиада 5-6 сыныптарда тарих, математика, жаратылыстану, орыс тілі және қазақ тілі пәндері бойынша өткізілді. Олимпиада ережелерімен оқу ісінің меңгерушісі Ерсаинов А.С таныстырып өтті. Оқушылар бар білімін салып, олимпиадаға қатысты. І орын алған оқушылар аудан деңгейінде өткізілетін олимпиадаға қатысады. Оқушыларға сәттілік тілейміз!!!

Қосымша ақпарат көздері