Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде «Зиянды әдеттерден сақ бол!»атты психологиялық сабақ өткізілді.
Оқушылардың зиянды әдеттер туралы түсінігін кеңейту, олардың денсаулыққа, мінез-құлыққа және болашақ өмірге кері әсерін ұғындыру,жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 6-7 сынып оқушыларына қысқаша бейнеролик көрсетіліп,талқыланып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

