«Мониторинг тобы» 19.09.2025

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде «Мониторинг тобы» тексеріс өткізді. Тексеріс кезінде кемшіліктер анықталған жоқ. «Ас – адамның арқауы» деген сөз бар. Сол айтқандай, адам баласы үшін бірінші байлық саналатын денсаулықты күту дұрыс тамақтанудан басталады. Əсіресе, балалардың дұрыс тамақтануына айрықша мəн беру маңызды. Өйткені бала организмі үнемі өсіп, қарқынды даму үстінде болатындықтан олардың ағзасындағы зат алмасу процесі клеткаға қажетті заттар мен жоғалтқан энергия шығынының орнын толтырумен қатар,тканьдердің үздіксіз өсіп, дамуын қамтамасыз етуі керек.

Мектеп асханаларындағы оқушыларға берілетін тегін тамақтың ас-мəзірін құрастырған кезде жеміс-жидек, көкөніс, сүт тағамдары, ыстық сорпа, тауық, сиыр етінен əзірленетін қою ас, аптасына бір рет берілетін балық еті, сондай-ақ түрлі жармадан əзірленген тағамдар болуы əрі сатып алынған ет пен көкөністер сертификаты бар, тексерістен өткен болуы шарт. Расында да, аталмыш тағам түрлері ақуыз, майлар, түрлі витаминдер мен

минералды заттарға бай болатындықтан, баланың дұрыс өсіп-жетілуіне де оң ықпалын тигізері анық.

Қосымша ақпарат көздері