«Күлкі сыйла – әлемді жарық ет!»

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде «Күлкі сыйла – әлемді жарық ет!» атты әлеуметтік акция ұйымдастырылды.

Балалардың көңіл күйін көтеру, оларға мейірім мен жылулық сыйлау арқылы қоғамдағы позитивті көңіл-күйді қалыптастыру мақсатында іс-шара барысында оқушыларға қуаныш сыйлайтын түрлі ойындар мен жағымды сәттер ұйымдастырылды. Акция әр баланың бақытты балалық шағы болуы тиіс деген маңызды ойды жеткізді.

Қосымша ақпарат көздері