«Ауғанның от жалыны»

Ауғанның от жалыны» тәрбие сағатын 7-8 сынып оқушыларымен кітапханашы Аюпова Қ.Қ өткізді.

Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру. Тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру, Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт. «Ауғанстан – жүректегі жара» демекші 15 ақпан 1989 жылы талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде біз бейбіт елдің жастары, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын, Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарымызды құрмет тұтуға міндеттіміз.

Қосымша ақпарат көздері