«Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі» КММ-де 2025 жылдың 6-ақпан күні 10 сынып оқушыларымен «Кәсіптік бағдар- болашаққа бағдар» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында оқушылар мамандықтар туралы ақпарат алды. «Мамандықтар картасы» кезеңіде білім алушылар мамандықтардың жағымды жақтары мен оларға қажетті қасиет пен қабілеттерін анықтады. Сонымен қатар , оқушылар кіші топтарда көптеген жасөспірімдер мамандық таңдауда тап болатын қателіктерді анықтады.Оқушылар ойларымен бөлісіп ,өз ойларын ортаға салды.
Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу: қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа бағыттау