1414 бірыңғай байланыс орталығына немесе 8-800-080-7777 телефондары арқылы хабарласуға болады . Сонымен қатар www.1414.kz байланыс порталына немесе келесі электронды мекен-жайларына: sd@nitec.kz , sd_pki@nitec.kz , egov@nitec.kz бойынша сұрақтар жібере алады.
Қазіргі уақытта біздің мектепте кез-келген келушіге «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар, белгілі бір мемлекеттік қызметтерді көрсетуге келген адам оны қажет болған жағдайда да пайдалана алады және оны қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігі бар.
«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында» мынадай мүмкіндіктер қарастырылған: интернетке және құжаттаманы басып шығару құрылғысына қол жетімді ноутбук. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлық қажетті құжаттамалар бар.