«Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі» КММ-де 7- сынып оқушыларымен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында педагог-психолог Темирханова А.К. тренинг сабақ ұйымдастырды.
«Мектепте зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты тақырыбы аясында, мектеп және мектептен тыс ортада эмоционалдық және физикалық зорлық-зомбылық (буллинг) мәселелері бойынша оқушылармен тренинг сабақ өткізілді. Зорлық-зомбылықтың құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәні мен психикасына ықпал жасау» екенін түсіндіре отырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен таныстырды.
Стресстік жағдайлардан арылу, эмоциялық күйді баланста ұстау, өмірдің құндылықтарын бағалау бойынша жаттығулар жасады. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген жеке пікірлерін ортаға салды. Кері байланыс орнатылды. Оқушылар белсенді қатысып, тренинг қызықты өтті.